Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылыжай – жөн кәсіп

Жылыжай – жөн кәсіп


Қызылорда облысында азық-түлік тауарларын тұтыну бағаларының индексі 2017 жылдың желтоқсан айын 2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 106,6% құрады. Бағалардың өсімі шикі сүт 6,2%, жылқы еті 4,2%, консервіленген сүт 3,3%, қышқыл сүт өнімдері 2,0%, жарма өнімдері 1,4% өскені байқалды.
Азық-түлік өнімдері бағаларының өсіміне жол бермеу шараларының бірі жылыжай шаруашылығын дамыту болып табылады. Осы орайда Қызылорда қаласында 5 гектар аумаққа 120 жылыжайды орналастыру қарастырылып, оның 50 жылыжайы нақты іске қосылды.
Жаңақорған ауданында «ТатуАгро» шаруа қожалығы 200 гектарға тамшылатып суару әдісімен томат өсіруді ұйымдастырып, гектарына 190 центнер өнімділікпен 3895 тонна өнім өндірді.
Аймақтық Тұрақтандыру қорымен нарықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда қорда 2494 тонна азық-түлік өнімі бар, олар 20 әлеуметтік дүкен арқылы нарық бағасынан 10-20% төмен бағада сатылуда.
2017 жылы 93 ауыл шаруашылығы өнімінің жәрмеңкесі өткізіліп, барлығы 883 млн теңгеге 5440 тонна өнім сатылды.
06 ақпан 2018 ж. 1 508 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031