Шиелі – достықтың киелі мекені
Елбасы тапсырмасымен бекітілген азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасын жүзеге асырудың бір тетігі тұтыну нарығындағы көкөніс пен азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеу болып табылады. Бұл бағытта аудан көлемінде бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі Досбол би елді мекеніндегі алма бағы. Жеке кәсіпкер Ж.Ержанов 6 млн. 300 мың теңге көлемінде субцидия алып, 10 гектар жерге 20 мың түп алма ағашын отырғызған. Бауды баптап, мол өнім жинау үшін қажырлы еңбек, тынымсыз ізденіс керек дейді кәсіпкер. Ағаш көшеттерінің әр талы 450 теңгеден әкелінген. Бұйыртса 3 жыл көлемінде бір ағаштан 30 кг-ға дейін өнім алу күтілуде. Сондай-ақ, кәсіптің көзін тауып екі істі қатар дөңгелетіп отырған Жеңісбек қамыс тоқумен де айналысады. Ел экономикасымен қатар 17 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкердің игі ісіне аудан әкімдері сәттілік тіледі.
Өткен жылы ел игілігіне берілген нысандардың бірі Жуантөбе ауылдық округі, Алғабас елді мекеніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған спорттық сауықтыру кешені. Жалпы құны 58 млн. теңге көлеміндегі қаржыны құрайтын спорт кешенінде жас спортшылар мен тау көтерер толағайлар шынығуда. Арнайы жаттығу құралдары мен күрес алаңы және боксқа арналған ринг орнатылан. Көршілес ауданнан келген қонақтар кәсіптің көзін табу жолдарын сұрап, сан-сауалдың анық-қанығына жетті.
Көппен бірге Шиелі кенті «Көкшоқы» мөлтек ауданында орналасқан жеке кәсіпкер Е.Жеңсікбаевтың сарымсақ өсіретін жылыжайына бағыт алдық. Аса көп күтімді талап етпейтін, шығынын 2-3 еселеп қайыратын сарымсақ өнімі енді ғана кәсіпкерлікке бет бұрған адамдар үшін өте тиімді болмақ. Бүгінгі таңда 6 тонна сарымсақ өндіріліп жатқан жылыжай жұмысының қарқыны көпті қызықтырды.
Сонымен қатар, аудан орталығында, «Мөлдір және К» толық серіктестігінің жанынан құрылған «Шиелі құс» фермасының жұмысымен де танысты. Бұл кәсіпке 165 млн. теңге инвестиция салынып, бүгінгі күні 11 мың бас тауықтан, тәулігіне 10 мың дана жұмыртқа өндірілуде. Бұл өз кезегінде нарықтағы жұмыртқа бағасының төмендеуіне оң әсерін тигізіп, азық-түлік бағасының тұрақтылығына ықпал етіп келеді. Ебін тауып, еселі пайдаға кенелу үшін көзбен көріп, қолмен ұстаған істен бастағанды жөн көрген Жалағаш ауданының кәсіпкерлері киелі өлкенің түкпір-түкпірін аралап, рухани азық алды.
Сондай-ақ, үстіміздегі жылы «Асылхан» шаруа қожалығында жобалық құны 250 млн. теңгені құрайтын тәулігіне 1 тонна сүт өңдеу цехы іске қосылған болатын. Сүт өңдеу цехы мен мал сою пунктіне құны 91 млн. теңгені құрайтын құрал жабдықтар «КазАгро Финанс» АҚ арқылы лизингке алынып, шаруаға сақадай сай отыр. Шаруа қожалықта Солтүстік Қазақстан облысынан әкелінген 22 бас асыл тұқымды сиыр, 1 бас бұқа бар. Төскейде малы қосылан қазақ халқы үшін мал шаруашылығы аса қиындық тудыра қоймасы анық. Тек мемлекет көрсеткен жәрдемді тиімді пайдаланудың жолын меңгеру қажет дейді кәсіпкер.
Одан әрі жол бойында орналасқан тағзым алаңы, Шиелі ауданының төлқұжаты саналатын белгілер мен киелі орындарға да арнайы бұрылып, қонақтара тарихтың бір шежіресінен сыр шерттілді. Кешегісі мен келешегін болжап, бағыты айқын өскелең өлкенің мол мұрасымен қанықты. Сонымен қатар, дастарханын ақтан үзбейтін шиеліліктердің «Ару Ана» шұбат цехында өндірілетін өнімдерімен де танысты. Сұраныс артып, экспортқа шығаруды көздеген жеке кәсіпкер С.Ермаханов мемлекеттен 61 млн. теңге көлемінде қаржы алып, цехтың құрал-жабдықтарын қайта құрылымдап, тәулігіне 1 тонна шұбат және сиыр сүтін өңдеп қаймақ, йогурт, сүт, айран, сүзбе, құрт өнімдерін нарыққа шығаруда.
Толассыз еңбектің тағы бір көрінісі «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-ның жобалық құны 64 млрд. теңгені құрайтын жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент шығару зауыты десек жаңылыспаймыз. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, 380 адам жұмыспен қамтылған. Күннен күнге жаңарып, жаһанданып келе жатқан өлкенің өлшеусіз істерінің кішкене бір бөлшегінің өзі осындай. Ал, алда әлі таудай талап, оңды бастамалар мен біткелі тұрған қаншама нысандар бар. Оның барлығын аралап та, айтып та тауыса алмаспыз.
«Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем берер» деген қазақтың қазақи болмысынан ұзамай «Ақсарай» мейрамханасынан меймандарға дәм татқызды. Ақ дастархан басында Жалағаш ауданының әкімі Қ.Сәрсенбаевқа Шиелі ауданын 4 жыл адал басқарып, өркендеуіне үлес қосқаны үшін Ш.Есеновтың портретін сыйға тартқан аудан әкімі Ә.Оразбекұлы өзіндік жолдан жаңылмады. Аудандық мәдениет бөлімінің басшысы И.Байкенжеев пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаил бастаған Сыр елінің әнші-жыраулары өнер көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Барлығы да «Көппен көрген ұлы той» деп тарқасты.
Гүлнәр Дүйсебай.