Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаруашылық басшыларымен кездесті

Шаруашылық басшыларымен кездесті



Өткен аптада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылында егiн алқабын аралап, шаруашылық басшыларымен маңызды деген мәселелерді талқылады.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев егісті күтіп-баптау және суару барысын баяндады.  Биыл  дақылдарды  тұрақты суаруға 3,8 млрд текше метр су  лимиті белгіленген. Осыған сәйкес, 195,9 мың гектар жерге  дақылдар егілді. Оның ішінде күріш көлемі 88,1 мың гектар,  дәндi дақылдар 100,4 мың гектар, майлы дақылдар 5,3 мың гектар, малазықтық дақылдар 70,4 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 19,9 мың гектар болды.  Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егін көлемі 7,4 мың гектарға, күріш 9,5 мың гектарға, картоп, көкөніс, бақша 302 гектарға артық болса, майлы дақылдар 653 гектарға, малазықтық дақылдар 916 гектарға кеміген. 

Сонымен қатар, су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы 872,5 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде 577,5 гектар жерге тамшылатып, 295 гектарға жаңбырлатып суару әдістері қолданылған.

Аймақ басшысы егін маусымын ұтымды ұйымдастырып, өнімді шығынсыз жинауды тапсырды.
01 тамыз 2023 ж. 298 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930