Сыр диқандары рекордтық көрсеткішті жаңартты
Үстіміздегі жылы облыс бойынша 184,2 мың гектар жерге егiс егілді. Оның ішінде дәндi дақылдар 99,9 мың га, майлы дақылдар 5,7 мың га, мал азықтық дақылдар 61,0 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 17,6 мың га. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 89,5 мың га.
Ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 1,1 мың гектарға артық егіліп отыр.
Сонымен қатар, облыста егісті әртараптандыру бағытында алғаш рет перспективалы дақылдар қант құмайы 70 гектарға, соя 240 гектарға, жүгері дақылы 1 667 гектарға дейін жеткізіліп, ылғал сақтағыш аквагельдерді пайдалану арқылы 80 гектар тәлімдік жерлерге күздік бидай дақылы егілді.
Жалпы облыс шаруашылық құрылымдары егілген ауылшаруашылығы дақылдарын агротехникалық талаптарға сай егіп, күтіп - баптау жұмыстарын өз мерзімінде жүргізді.
Облыста егін жинау науқаны үстіміздегі жылдың 15 қазан күні толық аяқталды.
Сыр диқандары ағымдағы жылғы орын алған су тапшылығы жағдайы мен бұрын – соңды болмаған пандемияның шектеулеріне қарамастан ала-жаздай жасаған тынымсыз еңбегінің нәтижесінде ел тарихында күріш өндіруден рекордтық көрсеткішті биыл тағы да жаңартып, жоғары өнім жинады.
89,5 мың гектар күріштің әр гектарынан 61,8 центнерден өнім алынып, ел қамбасына 551,3 мың тонна Сыр маржаны құйылды.
Сонымен қатар, облыс бойынша дәнді дақылдардан егілген күздік бидайдан 9,5 мыңтонна(орта өнім гектарына 22,7 цн),жаздық бидайдан 4,6 мың тонна (орта өнім гектарына 10,3 цн), дәндік жүгеріден 2,2 мың тонна (орта өнім гектарына 40,4 цн), тарыдан 1,4 мың тонна (орта өнім гектарына 27,9 цн), жаздық арпадан 270 тонна(орта өнім гектарына 4,5 цн),сұлыдан 4,7 тонна өнім алынды (орта өнім гектарына 9,4 цн)және қант құмайынан 31 тонна өнім алынды (орта өнім гектарына 4,4 цн).
Сондай-ақ, картоптан 66 590 тонна, көкөністен 112 806 тонна, бақшадан 193 484 тонна өнім жиналды. Орта өнім картопта 173,7 центнерден, көкөністе 200,5 центнерден, бақшада 239,2 центнерден айналды.
Майлы дақылдар бойынша: мақсарыдан 5 579 тонна, күнбағыстан 162,2 тонна, соядан 263 тонна жиналып, әргектардан орта өнім мақсарыдан 10,3 центнерді, күнбағыстан 23,2 центнерді, соядан 11,0 центнерді құрады.
Ауыл шаруашылық құрылымдары бойынша ескі жоңышқадан барлығы 208,0 мың тонна (орта өнімі 54,4 цн/га), жаңа жоңышқадан 17,4 мың тонна(орта өнімі 9,7 цн/га). жоңышқа шөбі жиналды.
Мал азықтық 1112 гектар сүрлемдік жүгеріден 5 706 тонна сүрлем салынып, орта өнім 51,1 центнерді құраса, 112 гектар мал жемдік асқабақ дақылынан 1 680 тонна өнім алынып,орта өнімі 150,0 центнерді құрады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы