Биыл қанша гектар егін егілді?

Әшім Оразбекұлының дерегіне сүйенсек, былтырғы жылға қарағанда егіс әртараптандырудың есебінен 2297 гектарға артық.
Ал негізгі дақыл күріш көлемі 152 гектарға азайып, жалпы егіс көлемінің 42,0 пайызын құрап отыр. Егіннің артуы егін шаруашылығындағы әртараптандыру жұмыстарының нәтижесі.
Егін шаруашылығын әртараптандыру мақсатында жаздық бидай, жаңа жоңышқа, ескі жоңышқа, майлы дақылдарға басымдық берілген болатын. Атап айтқанда бидай – 75, жоңышқа – 1389, мақсары – 833 гектарға артық орналастырылған.
«Өскен өңір» ақпарат