Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДА ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


Сайлыбаев Бахытжан Әбдіқалықұлы М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің директоры лауазымына тағайындалды.
Б. Сайлыбаев 1955 жылы дүниеге келген. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын - математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Педагогика ғылымдарының докторы, академиялық профессор.
Еңбек жолын 1976 жылы орта мектеп мұғалімі ретінде бастаған. 1981-1993 жылдары - Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, 1993-2011 жылдары - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік басқармасының бастығы, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, бірінші проректоры, 2011-2012 жылдары - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бірінші проректоры қызметтерін атқарған. 2013-2015 жж. дейін Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары.
2015 жskls4 ақпан айынан бастап Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
08 қаңтар 2018 ж. 2 479 0