«QYZYLORDA: БІЛІМ. БОЛАШАҚ. ЖАҢҒЫРУ»
Форумның пленарлық отырысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жастарды қолдауға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты.
– Өңірде мемлекеттік жастар саясатын дамытуға бағытталған «Жол картасы» мен кешенді жоспарлар қабылданып, 60-тан астам әлеуметтік жобалар іске асырылуда. Қызылорда облысы – республика бойынша жастар саясатына қаржы бөлуден бірінші орында. «Биыл облыстағы 6000 мектеп түлегінің 97% жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсті. Біз үшін 97% - бұл білім саласының жетістігі, балаларымыздың жарқын болашағы ғана емес, олардың маргинал жастар қатарын толықтырмайтынына, өмірде өз орнын табатынына деген сенімділік», – деді аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.
Сонымен қатар, пленарлық отырыста саясаткер Айдос Сарым, халықаралық ақпараттық технология университетінің проректоры Раис Өскенбаева және «Инновациялық технология Паркі» автономды-кластер қорының басқарушы директоры Әлжан Бірәлиев қатысып, өз пікірлерін айтты.
Форум аясында «ХХІ жаңа шақыртулары» және «Қоғамдық ой-сананы жаңғырту» секция отырыстарына спикер ретінде облыстағы жаңа технология және әлеуметтік саланың сарапшылары қатысты. Сондай-ақ, форум делегаттары аймақтың жастар ресурстық орталығын көріп, жұмысымен танысты.
Атап өту керек, облыстық жастар ресурстық орталығы жобалық басқару жүйесімен жұмыс істейді. Жыл басынан бері мемлекеттік шығынсыз 12 бағыт бойынша жобалар жүзеге асуда. Келер жылы Сырдарияның сол жағалауынан «Жастарға қызмет көрсету орталығы» пайдалануға беріледі.
Форум аясында Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында Қазақстанның 7 өңірінен келген командалардың қатысуымен облыс әкімінің кубогына арналған республикалық «Жайдарман» ойыны өтті. Қызылорда ойыншылары алғашқы үштікке енді («Қызылорда» командасы 3 орын), Ақтөбе («Фемида» 2 орын) және Батыс Қазақстан («Грант» Орал қаласы 1 орын).
«Өскен өңір» ақпарат.