ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ҚОЛДАУ БАСЫМ
Жыл басынан бері облыс бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына 10 мыңға жуық жас қатысса, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 182 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы, 348 маманға жеңілдетілген тұрғын үйге несие берілді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов апта басындағы журналистермен кездесу барысында айтты.Брифингте хабарлама жасаған Р.Рүстемов:
–Төрт жыл бұрын апатты мектептер саны 37 болса, орта білім беру саласында ішкі резервтердің есебінен апаттық жағдайдағы мектептердің мәселесі биыл толығымен шешілді. Бүгінде балабақшалардың 71 пайызы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жұмыс жасауда. Соңғы 4 жылда мұндай балабақшалар саны екі есеге артты. Осылайша, біз бюджетке ауыртпашылықты жеңілдетудеміз. Ағымдағы жылы мектеп бітірген түлектеріміздің 97 пайызы жоғары және арнайы орта оқу орындарына түсті. Айта кету керек, ресейлік жетекші техникалық жоғары оқу орындары 2014 жылдан бастап Ресей Үкіметінің гранты есебінен Қызылорда өңірінің түлектері арасынан IT-мамандар, металлургтер, технологтар, химиктер және басқа да мамандар, әсіресе, инженер мамандар (бізге қазір өте қажет) әзірлеу туралы ұсынысымызды қабылдады. Бүгінде Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында біздің 452 түлегіміз грант негізінде білім алуда. 2013 жылы аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасынан шыққан, әсіресе, талапты ауылдық жерлердің балаларына аймаққа қажетті мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарында оқу үшін әкім гранты тағайындалған. Бүгінде 694 бала грант иегері болып отыр. Сонымен қатар, өңіріміз жыл сайын «Серпiн» бағдарламасы бойынша грант алу конкурстарында ең үздік нәтижелер көрсетуде. Бұл бағдарлама аясында бүгінде 4 мың жас оқып жатыр. Келешекте олар тәуелсіз еліміздің нығаюына өз үлестерін қосады, – деді.
Елімізде жастардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына, қажетті мамандықтарды игеруіне, өз арман-мақсаттарын жүзеге асыруына бар мүмкіндіктер жасалуда. Бүгінгі таңда Қызылорда облысы халқының 26,7 пайызын жастар құрайды, оның ішінде ауыл жастары 58,7 пайыз. Бұл ретте, 2021 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының «Жол картасы» қабылданған. Сондай-ақ, Қызылорда облысы мемлекеттік жастар саясатының қаржыландыру деңгейі бойынша республикада төртінші орында. Биылғы жылдан бастап барлық ауданда және Қызылорда қаласында жастар ресурстық орталықтары құрылып, жастарға қызмет көрсетуде. Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорымен бірлесіп орталықтың жастармен жұмыс жасауының жаңа моделі қалыптастырылған. Қызылорда қаласының сол жақ жағалауында демеушілердің есебінен салынып жатқан «Жастарға қызмет көрсету орталығы» келесі жылдан бастап «бір терезе» қағидатының талаптары негізінде, жастарға бір орыннан коворкинг қызметтерін және барлық қолдауларды шоғырландыратын болады. Бұл туралы брифинг барысында облыс әкімінің баяндамасынан білдік.
Қызылорда – әлеуметтік салаға ең көп қаражат бөлген облыс. Бұл туралы: «Өздеріңізге белгілі, жақында ғана өңіріміздің тыныс-тіршілігімен танысу үшін іссапармен Елбасы аймағымызға келіп, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Іссапар барысында Елбасы сырбойылық жастармен, яғни, спорт саласында жетістікке жеткен және білімді өрендермен кездесіп, Тәуелсіз елдің болашағы – жастардың, жас мамандардың талабына, армандарына жету жолындағы ынта-жігерлеріне ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысының ұрпақ болашағы үшін білім саласының алдына қойған 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту, үш ауысымдық білім беруді болдырмау, апатты мектептер орнына жаңа мектептер құрылысын салу жөніндегі негізгі үш тапсырмасы Қызылорда облысында мерзімінен бұрын толықтай орындалды», – деді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы.
Аймағымыздың тарихи-мәдени нысандардың бірі Қорқыт ата кешені халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің нысандар тізбесіне еніп, Қызылорда облысын әлемге танытқаны белгілі. Қорқыт Ата кешеніне және оның маңынан ашылған этноауылға республика өңірлерінен ғана емес, Ресей, Голландия, Франция, Германия, Жапония, Польша сияқты шет мемлекеттерден де туристер келіп, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне тереңірек қанықты. Мұнда 13 мыңнан астам қонақтар болып, қазақ халқының салт-дәстүрімен қатар, Қорқыт Ата туралы мәліметтерге қанықты. Сөйтіп, Сыр елі шет мемлекеттерге танылды.
Ағымдағы жылғы 10-11 қараша күндері «Қызылорда: Білім. Болашақ. Жаңғыру» тақырыбында дәстүрлі облыс жастарының форумын өткізу жоспарлануда. Бұған дейін «Қазақстанның рухани құндылықтары» және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобалары аясында ежелгі Шірік-Рабат, Жанкент, Сығанақ қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстары сәтті жүргізіліп, Қазақстанның киелі жерлерінің картасына республикалық маңызы бар 12 ескерткіш енгізілді», – деп қорытты өз сөзін облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов.
«Өскен өңір» ақпарат.