Шиелі ауданында «Тең мүмкіндіктер» спорттық сайысы өтті

«Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық сайысының мақсаты:
— Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;
— Барлық оқушылар үшін тең мүмкіндіктер мен қолайлы орта қалыптастыру;
— Инклюзия қағидаттарын насихаттау – әр бала қоғамның толыққанды мүшесі екенін көрсету;
— Оқушылар арасында мейірімділік, түсіністік, толеранттылықты дамыту;
— Әр баланың шығармашылық әлеуетін, қабілетін ашуға жағдай жасау.
Бұл сайыс – қоғамның әр мүшесіне құрметпен қарауды, бір-бірін қолдауды үйрететін маңызды іс-шара.
Спорттық іс-шараны аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Баймұратова Жібек Орынбайқызы ашып беріп, қатысушы балаларға сәттілік тіледі. Іс-шараға белсенді оқушылар, ауданымыздағы партия мүшелері атсалысып қолдау білдірді. Жарыстың өткізілуіне аудандық білім бөлімі, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі және спорт клубтары атсалысты. Сайыстың әділ өтуін аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің төрешілері, аудандық білім бөлімінің мамандары және «AMANAT» партиясының мүшелері бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Нәтижесінде бірнеше кезең бойынша оқушылар сынға түсіп, жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаз оқушыларға диплом, медаль және естелік сыйлық табысталды.