Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛЬГЕ ІРІКТЕУ

ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛЬГЕ ІРІКТЕУ

«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен, аудандық білім бөлімі, аудандық спорт және туризм бөлімдерімен бірге Көкшоқы спорт кешенінде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер» атты облыстық инклюзиялық спорт фестиваліне аудандық іріктеу жарысы өтті.
Іс-шараның ашылуында “AMANAT” партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Ақпанбетов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Сайысқа 16 командадан 48 бала тартысты ойын көрсетті. Жарыста 3-5 сыныптар аралығында 9 команда, 6-8 сыныптар аралығында 7 команда бақ сынасып, шын мықтыны анықтады.
Балалар сайыстың берілген ережесі бойынша эстафета және жеңіл атлетика түрінен жарысты. Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы диплом, кубок және медальмен марапатталып, бағалы сыйлықтар алды.
Фестивальдің қорытынды марапаттау шарасына Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Болат Ысмағұлов қатысып, барлық қатысушы балаларға алғысын білдіріп, жеңімпаз командаларды марапаттады.
Жарыс қорытындысы бойынша, Эстафета «Біз жеңімпаз боламыз» 3-5 сынып аралығы
1 орын - № 50 мектеп;
2 орын - №251 мектеп;
3 орын - №47 мектеп;
Эстафета «Біз жеңімпаз боламыз» 6-8 сынып аралығы
1 орын - №244 мектеп;
2 орын - №155 мектеп;
3 орын - №127 мектеп;
Эстафета «Жеңіл атлетика» 3-5 сынып аралығы
1 орын - №157 мектеп;
2 орын - №40 мектеп;
3 орын - №270 мектеп;
Эстафета №«Жеңіл атлетика»6 -8 сынып аралығы
1 орын - №155 мектеп;
2 орын - №228 мектеп;
3 орын - №133 мектеп.
Айта кетейік Әр сайыс бойынша 1 – орын алған командалар «Тең мүмкіндіктер» атты облыстық инклюзиялық спорт фестиваліне жолдама алды. Жеңімпаздарымыз Шиелінің намысын қорғайтын болады. Сәттілік тілейміз!
18 сәуір 2024 ж. 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (9220)

16 шілде 2024 ж.

№55 (9219)

13 шілде 2024 ж.

№54 (9218)

10 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031