АУДАНДЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ
Конференция жұмысына облыстық партия филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов және партия ардагерлері мен белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері, барлық бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 50 делегат қатысты.
Жиында «AMANAT» партиясы Шиелі ауданыдық филиалының төрағасын сайлау және «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Жиынның күн тәртібіне сәйкес аудандық партия филиалы төрағасы лауазымына аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Сыздық Болат Мүбаракұлының кандидатурасы ұсынылып, делегаттардың қолдауымен филиал төрағасы болып сайланды.
Сонымен бірге жиында партия филиалының ардагері, аудандық филиалдың алғашқы төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исмайл Өркен Әзімханұлы партияластар атынан құттықтау сөз сөйлеп, филиал төрағасының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ алқалы жиында аудандық партия филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер енгізілді.
Жиынды қорытындылаған Қызылорда облыстық партия филиалының төрағасы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы - еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтып, соған байланысты партияның алдындағы ауқымды міндеттерге назар аударып, партия жұмысы үнемі ілгері жылжып, қоғамның талаптарына сай дамып отыруы керек - деді.
«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының ФБ парақшасынан