«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХІІІ (33) КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ!
«Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сыздық Болат Мүбаракұлының төрағалығымен өткен конференция жұмысына аудан әкімі Мақұлбеков Нариман Әскербекұлы, аудандық мәслихат хатшысы, «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшелері, облысытық және аудандық мәслихат депутаттары, аудандық 24 бастауыш партия ұйымдарынан 23 делегат онлайн, жалпы 60 делегат.
Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері қатысты.
Конференция жұмысының күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Шиелі ауданыдық филиалының төрағасын сайлау туралы және «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі бірініші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Шиелі ауданыдық филиалының төрағасына аудан әкімі Мақұлбеков Нариман Әскербекұлы ұсынылып, делегаттардың қолдауымен филиал төрағасы болып сайланды. Екінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына Мақұлбеков Нариман Әскербекұлы және Рысбаева Ақсамал Сардарбекқызы енгізілді. Мәселелер толық қаралып, делегаттар тарапынан тиісті қаулылар қабылданды.