ПАРТИЯНЫҢ ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалының кезекті тыс ХХХ есеп беру - сайлау конференциясы өтті. Конференция пандемияға байланысты ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн/ офлайн түрде өткізілді.Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңес мүшесі Тілеуберген ШАУТАЙ, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракцияның мүшесі Баян ДҮЙСЕНБЕК, «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат хатшысы, аудан мәслихатындағы депутаттық фракцияның мүшелері, аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері,партия ардагерлері мен белсенділері, «Жас Отан» жастар қанатының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен сайланған делагаттар қатысты. Конференция отырысына аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат СЫЗДЫҚ төрағалық етті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы ;
2. «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалының Саяси кеңесінің құрамын сайлау туралы;
3. «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезекті XXVIII конференциясына делегаттар сайлау туралы;
«Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат Мүбаракұлы баяндама жасады. Сөз кезегін алған облыстық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңес мүшесі Тілеуберген ШАУТАЙ партия мүшелерін әдеп қағидаларын сақтауға, партия атына кір келтірмеуге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалының Саяси кеңесінің құрамы бекітіліп, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезекті XXVIII конференциясына қатысатын делегаттар сайланды.
Конференцияның күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
Кезекті конференция жұмысын қорытындылаған «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат СЫЗДЫҚ жиынға қатысушыларға алғысын білдірді.
Конференция аяқталғаннан кейін, құрамының 80 пайызы жаңарған Саяси кеңестің ұйымдастыру отырысы өткізіліп, «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы Саяси Кеңес Бюросының құрамы бекітілді.
«Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігін сақтау үшін, еліміздің өркендеуі мен әрбір қазақстандық азаматтың әл – ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Бекжан БӘКІР Талғатұлы
№ 270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектебі директорының шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары
#NurOtan