Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Баскетболдан бақ сыналды

Баскетболдан бақ сыналды

Жуырда аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен баскетболдан жолдастық ынтымақтастық жарыс өтті. Шиелі ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған шараның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру және достық қарым-қатынасты нығайту.Спорттық шараға 4 команда қатысып, бақ сынады. Нақтырақ айтар болсақ, ауданда бой көтеріп жатқан ірі құрылыс цемент зауытының құрылысын жүргізіп жатқан Қытай компаниялары «Шиелі Гежуба», «Чайна Триумф Интернешил Инжиниринг» және аудан әкімшілігі мен №270 мектеп ұжымы қатысты. Спортты жанына серік еткен қызметкерлер арасындағы тартысты доданы тамашалауға келген Қытай құрылыс компанияларының басшылары мен аудан әкімінің орынбасарлары сәттілік тілеп, жарысқа қатысушы командаларға жанкүйер болды. Жүлделі орын алған командаларға кубок пен диплом, түрлі бағалы сыйлықтар табыс­талды.
З.БАЗАРБАЕВ.
12 тамыз 2018 ж. 1 375 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031