Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Игі істің шапағаты

Игі істің шапағаты


Шиелі ауданынан бой көтеріп жатқан «Гежуба Шиелі» цемент зауытының жұмысы аяқталуға жақын. Аталмыш нысанның құрылысын ФООО «Чайна Триумф Интернэшл Инжиниринг» Қытай компаниясы жүргізіп, күніне 2500 тонна клинкерлік цемент өндіру көзделуде. Бұл компания тек құрылыс жүргізіп қана қоймай, түрлі қайырымдылық шаралар ұйымдастырып, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жәрдемдесіп келеді. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші, жуырда Қытай компаниясының директоры Чян Ичун бастамасымен Төңкеріс және Нартай ауылының көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған 40 отбасының балаларына киім-кешек алып, қол ұшын созды. Барлығы 400000 теңге көлеміндегі қаржы жұмсалған қайырымдылық шарасы біршама отбасының көңіліне медет болып, қуаныш сыйлады.

ФООО «Чайна Триумф Интернэшл Инжиниринг» компаниясы.
01 шілде 2018 ж. 978 0