Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС (Видео)

«Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС (Видео)


 «Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС-ның жобалық құны 64 млрд. теңгені құрайтын жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент шығару зауыты аудандағы Қытай халық республикасымен бірлескен және индустрияландыру картасына енгізілген ірі жобалардың бірі. Жобаға мемлекеттік қолдау шаралары ретінде индустриялды аймақтың жанынан 50 гектар жер телімі табысталды. Оның 46 гектары зауыт құрылысы үшін, қалған 4 гектары қызметкерлерге жатақхана ғимаратын салу үшін. Қазіргі таңда Зауыт құрылысында жалпы 431 адам жұмыс жасауда. Ондағы 196 адам Қытай халық өкілдері, 235 адам Қазақстан Республикасының азаматтары. Оның ішінде: Жергілікті жерден 201 адам жұмыспен қамтылған. Зауыттың құрылыс кезеңінде 1200 адам жұмыспен қамтылып, зауыт толық іске қосылған кезде 260 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Зауыттың іске қосылуы өз кезегінде цементтің өзіндік құны мен сырттан тасымалданатын цемент көлемін едәуір төмендетуге ықпал жасайды. Қазіргі таңда, «Компания Гежуба Шиелі Цемент» зауытының құрылысы жұмыстарына аудан тұрғындарын тарту мақсатында компания басшылығына заң аясында тиісті талаптар қойылып, құрылыс жұмыстарына тартылатын мердігер компаниялармен, қосымша мердігер компанияларға  қажетті жұмысшыларды заңға сәйкес аудандық жұмыспен қамту орталығына сұраныс беру арқылы жұмысқа тартылуда. 
23 ақпан 2018 ж. 2 960 0