Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысы Қытаймен келісім орнатты

Аймақ басшысы Қытаймен келісім орнатты


Кеше облыс әкімі Қ.Көшербаев Бейжің қаласында шыны өнімдерін шығаратын ең ірі кәсіпорындарының бірі «China Triumph International Engineering Co.Ltd» компания басшылығымен келіссөз жүргізді.
Келісімге келген Қытай компаниясы бүгінгі таңда Қызылорда облысындағы шыны зауытының құрылысын жүргізуде. Аталмыш зауыттың құрылысы ағымдағы жылдың шілде айында іске қосылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, іссапармен барған облыс әкімі Бейжің қаласының көліктік ситуациялық орталығы мен «Poly» («China Poly Group Corporation») компаниясының жұмысымен танысты.
Сондай-ақ, аймақ басшысы өнеркәсіп өнімінің көлемін көтеру бағытында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен жүзеге асырылып жатқан жобалардың бірі Шиелі ауданында цемент зауытын салып жатқан «Гежуба Групп Цемент КО ЛТД» («China Gezhouba Group Cement Co.Ltd») компаниясы өкілдерімен кездесті. Одан бөлек, «Cofco» компаниясының басшылығымен томат пастасын шығаратын зауыт құрылысы бойынша әріптестік мәселелері талқыланды.
30 қаңтар 2018 ж. 1 401 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930