Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалпыұлттық телекөпір

Жалпыұлттық телекөпір


Жуырда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» тақырыбында ұлттық телекөпір өтті. Шара барысында онлайн режимде бүкіл ел бойынша жаңа индустриялық-инновациялық, инфрақұрылымдық және энергетикалық, агроөнеркәсіптік жобалар іске қосылып, Елбасы игі істерге сәттілік тіледі.Атап айтар болсақ, «Қазақалтын Технолоджи» компаниясы Ақсу ауылында алтын өндіру фабрикасын іске қоспақ. Сонымен қатар, Ақтөбе облысында машина жасау және металл өңдеу секторында мұнай-газ жабдықтарын өндіру және құбырлар шығарумен айналысатын «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС зауыты ашылады. Ал, Атырау облысында «Жігермұнайсервис» ЖШС роботты дәнекерлеу әдісімен металл құрастырмалары өндірісі жұмысын бастайды.
Елбасының қатысуымен өткен телекөпірде 9 облыс көлемінде алдағы уақытта түрлі зауыттар іске қосылады деп күтілуде. Олардың қатарында Павлодар, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облысындағы инновациялық жобалардың құрылысы бар. Сондай ірі жобалардың бірі Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы «Гежуба Цемент» ЖШС қолға алған цемент зауыты. Бүгінгі күні жүзеге асып отырған бірлескен жоба – Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының бірден-бір мысалы. Жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент өндіретін зауыттың құрылысы келер жылдың соңына дейін аяқталады деп болжамдалды. Өндіріс орны толықтай іске қосылған кезеңде мұнай-газ және уран өндірісінде кең қолданыстағы тампонажды цементпен елдегі сұранысты 100 пайызға қамтуды және 30 пайызы ТМД, Қытай және Орталық Азияға экспортталады деп көзделуде. Айта кетейік, бұл жоба 51 бірлескен қазақстандық-қытайлық жобалар тізіміне енген және өндіріс орны пайдалануға берілген кезде 260 жаңа жұмыс орны ашылады.
Телекөпір арқылы іске қосылған өндірістердің бірі тамақ өнеркәсібінде және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуде Солтүстік Қазақстан облысындағы «Маслодел» ЖШС «Тетра Пак» ЖШС жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталған сүт зауыты. Сондай-ақ, Жамбыл облысында «Шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа секторлары» бағыты бойынша «Оргстрой» ЖШС гранит, мәрмәр және гипс, жарылғыш құрылғыларды өндірудің жаңа технологиясын өңдеу жөніндегі өндіріс те өз жұмысын бастады. Сонымен қатар, Қарағанды облысында ескі көліктерді қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорын «Recycling Company» ЖШС жұмыс істей бастамақ. Бұл кәсіпорын жылына тозығы жеткен автокөліктердің 50 мыңын қайта өңдеуге қауқарлы.
Келесі жаңалықтың бірі, Астанадағы жалпыұлттық телекөпір барысында Еуропалық авиация қауіпсіздік агенттігінің стандарттарына сәйкес өз авиалайнерлері мен басқа да әуе компанияларының ұшақтарына техникалық қызмет көрсететін «Эйр Астана» авиациялық техника орталығы жұмыс істей бастайды. Сөз соңында жалпы айта кетсек, жыл басынан бері Қазақстанда 1,9 триллион теңгелік 127 жоба іске қосылып, 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.

Г.Әбдіханиқызы.
09 желтоқсан 2017 ж. 1 660 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930