Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » облысТа техникалық мамандарға сұраныс артты

облысТа техникалық мамандарға сұраныс артты


Индустрияландыру бағдарламасы аясында Сыр өңірінде құны 610 миллиард теңгені құрайтын 25 жобаны жүзеге асыру қолға алынған. 2015-2017 жылдар аралығында құрама жем зауыты, үй құрылысы комбинаты секілді 4 кәсіпорын ашылып, 400-дей жұмыс орындары ашылды, "24 кз" сайты.
Енді үдемелі дамудың екінші бес жылдығында облыста техникалық мамандарға деген сұраныс 5 мыңға дейін арта түспек. Мәселен, Арал ауданында салынатын кальцийлендірілген сода шығару зауытына полимер, технолог-химиктер қажет. Ал Қаратаудың қойнауындағы қорғасын-мырыш және ванадий кеніштерін игеруге инженер-металургтер керек. Осы орайда қажетті мамандарды сырттан әкелмеу мақсатында аймақ жастары 3 жылдан бері Ресейдің озық техникалық оқу орындарында білім алып жатыр. Сыр түлектерінің алғашқы легі өңір кәсіпорындарына келесі жылдан бастап қызметке қабылдана бастайды.
Жанар Берденова, облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:
– Тау-кен ісі, машина жасау, металлургия саласының мамандары мен өндірісті автоматтандыру саласы бойынша мамандар, яғни техниктер даярлануда. Келер жылы іске қосылатын шыны зауытына мамандарды әзірлеу үшін Қызылорда қаласындағы Әбдікәрімов атындағы агротехникалық колледжде шыны балқыту мамандығы ашылып, оқыту жұмыстары жүргізілуде. Шыны зауытына 186-дай жаңа шыны кесетін және балқытатын мамандар қажет. Осы жерде оқуын бітірген мамандар шыны зауытына жұмысқа алынатын болады.
29 қараша 2017 ж. 1 455 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031