Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Баршаға қол жетімді, сапалы білімге жол ашатын инновациялық компания

Баршаға қол жетімді, сапалы білімге жол ашатын инновациялық компания

Білім алу – сан қилы әрекет түрін қамтитын аса күрделі әрі үздіксіз процесс. Технологиялардың қарқынды дамуы білім алуды одан бетер қиындатты дегенді соңғы кезде жиі естиміз. Жаңа ұғымдар, бағыттар, техникалық құралдар мен технологиялар өмірге дендеп еніп жатыр. Бұл жаңалықтар баршаға қолжетімді сапалы білімге жол ашады. Bilim Media Group – Қазақстандағы электронды оқыту нарығын дамытушы инновациялық компания. Ол білім беруге қажетті контентті жасаумен және соған қатысты технологиялар мен қызметтерді таратумен айналысады. Бұл қызметтерді тұтынушылар арасында мемлекеттік мекемелер, ірі IT- компаниялар мен медиақұрылымдар, елдегі жетекші оқу орындары бар. Дегенмен де бәрінен де оларға мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың ықыласы қымбат, аталмыш компанияның жұмысы мұғалімдерге арналады. BILIM MEDIA GROUP компаниясының атауының өзінде терең мағына жатыр.BILIM – көрсетер қызметтердің негізгі ұғымы ғана емес, ол – біздің өмірімізге мән беретін басты құндылық. “Білімнен асқан байлық, қараңғылықтан асқан қасірет жоқ” – деген көнеден келе жатқан нақыл бар. Бүгінгі дәуірде жеке адамның да, мемлекеттің де тағдыры тек білімге тәуелді. MEDIA, бұл – білім беруге қажетті мазмұнды жасауға және оны таратуға керекті технологиялар. Осы салада соңғы 20 жылда жасалған жаңалықтар адам өміріне Гуттенбергтен Цукербергке дейінгі 500 жылға бергісіз өзгерістер алып келді. Сол жаңалықтардың білім беруге де тигізетін ықпалы күн санап артып келеді.
GROUP – білімнің қадірін түсінетін және технологияның пәрменіне сенетін кәсіпқойлар тобы дегенді білдіреді. Олардың арасында мектептің жайын жақсы білетін тәжірибелі мұғалімдер мен әдістемеші мамандар, жаны сүйер ермегін сүйікті кәсіпке айналдырған жас ғалымдар, аниматорлар, дизайнерлер мен компьютер инженерлері де бар. Ауданымыздың инновациялық мектеп-лицейлерінің бірі №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицей ұстаздары аталмыш BilimLand.kz порталында жарияланған сабаққа керекті материалдарды үйлесімді пайдаланады. Жаңартылған бағдарлама аясында оқушының сыни тұрғыда дамуына, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдануға осы BilimLand.kz порталының атқаратын рөлі өте зор.
Елбасы  Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», – деген болатын.  Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі   білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті.
.
Мөлдір СЕРІКҚЫЗЫ,
№47 М.Ломоносов атындағы
мектеп-лицейінің
ағылшын тілі пәні мұғалімі.
27 қараша 2017 ж. 1 927 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031