Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАЛАПТЫ ҚЫЗДЫҢ ТАЛПЫНЫСЫ жоғары

ТАЛАПТЫ ҚЫЗДЫҢ ТАЛПЫНЫСЫ жоғары

Жуырда Алматы қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Бөбек» ҰҒПББСО-ның ұйымдастыруымен «Мен – Қазақстан азаматымын» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиада өткен еді. 9-сынып оқушыларына арналған дәсүрлі олимпиадаға облысымыздан үш оқушы қатысса, оның бірі - №40 А.Қыраубаева атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Мадина Серікбай. Ауданнан облысқа, облыстан республикаға жолдама алған оқушының жетекшісі Перизат Ізімованың айтуынша білімге құштар оқушы «Панасыз хайуанаттар көмекке зәру» тақырыбындағы әлеуметтік жобаны қорғағанда көпшіліктің көзіне ілігіпті. Өзінің еліне, жеріне, табиғатқа деген сүйіспеншілігін көрсете біліп, жарысқа қатысушы оқушылар арасынан суырылып шыққан Мадина білім нәрімен сусындатып отырған мектебінің, тәлім-тәрбие беріп отырған ұстаздарының сенімін ақтап, жүлделі І орынға ие болды.
Жеңіспен оралған талапты оқушының алар асуы әлі алда деп сенім білдіріп, жеңістен жеңіске жете бер дегіміз келеді.

«Өскен өңір» ақпарат
27 қараша 2017 ж. 1 384 0

Қоғам

Үлкен жүректі жан
25 қыркүйек 2023 ж. 45

Отбасы – ұлттың тірегі

25 қыркүйек 2023 ж.

90 бос жұмыс орны бар

25 қыркүйек 2023 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9136)

23 қыркүйек 2023 ж.

№74 (9135) 1-2

19 қыркүйек 2023 ж.

№74 (9135) 3-4

19 қыркүйек 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам