Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұйымшыл Энергетиктер

Ұйымшыл Энергетиктер

Жыл сайын Шиелі ауданының энерге­тиктері өздерінің кәсіптік мерекесі қарсаңында спорттық жарыстар өткізуді жақсы үрдіске айналдырып жүр. Бұл денешынықтыру мен спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға энергетиктердің қосып жүрген үлкен үлесі деп білеміз. Аталмыш спорттық шараның салтанатты ашылуында аудан әкімінің орынбасары Тұрмағанбет Әлиасқарұлы құттықтау сөз сөйлеп жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Спортшылар мен жанкүйерлер Қазақстан Республикасының Әнұранын жанды дауыста орындап патриоттық үлгі көрсетті.
Биыл 13-ші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа спорттың 5 түрінен (арқан тарту, қол күрес, шахмат, стол теннисі, волейбол) алты команда қатысты. Шиелі жарығы, аудандық электр жүйелері, Уран­энерго, №6 кен басқармасы, «Шиелі-энергосервис», «Семізбай-U» командалары арасында өткен қызықты да, шиеленісті спорт бәсекесі Көкшоқыдағы Шиелі спорт клубына жиналған жанкүйерлерге тамаша көңіл күй сыйлады.
Жарыс қорытындысында командалық есепте үшінші орынды «Семізбай-U», екінші орынды Уранэнерго, бірінші орынды №6 кен басқармасының спортшылары қанжығасына байлады.
Энергетиктердің 13-ші спарта­киа­дасы­ның жоғарғы деңгейде ұйымдас­тырылуына, жарысқа катысқан мекеме басшыларының денешынықтыру мен спортқа деген оң қөзқарасы және энергетиктердің басқалар үлгі аларлықтай ұтымды ұйымшылдығы арқасында мүмкін болғанын атап өткеніміз жөн.
Мақсұт Кеңесұлы.
25 желтоқсан 2017 ж. 1 954 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (9156)

02 желтоқсан 2023 ж.

№94 (9155)

28 қараша 2023 ж.

№93 (9154)

25 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам