Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балуандардың бәсекеде бағы асты

Балуандардың бәсекеде бағы асты

Міне, осы бастаманы жүзеге асыруға арналған шаралар аясында ауданымызда 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен белгілі қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайды еске алуға арналған республикалық турнирі өтті.
Мақсаты — ұлттық рухты жаңғыртуға ықпал ететін ұлттық спорт түрі қазақ күресін облыс көлемінде дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың спорттық шеберліктерін арттыру, жасөспірімдерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мә­де­ниетке тәрбиелеу. Биыл 12-ші мәрте ұйым­дастырылған турнирге Қырғызстан Респуб­ли­касы, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан және Алматы қаласынан 9 команда қатысты. Айта кету керек, республикалық турнирді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен аудан әкімдігі ұйымдастырды.
Ұлттық спортты ұлықтайтын балуандар әр салмақта бақ сынасып, өте тартысты өтті. Төл күресімізден өткен додада өңірлерден іріктеліп шыққан ең мықты балуандардың осалы жоқ. Жарыс өтетін спорт кешеніне жанкүйерлердің көп жиналуы ұлттық спортқа, оның ішінде қазақ күресіне деген құрмет пен қошеметтің деңгейін айғақтағандай.
Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Ә.Оразбекұлы, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ж.Оспанов, қазақ күресінен мемлекеттік жаттықтырушы М.Жақыт, спорт ардагерлері, спортшылар қатысты.
Күрес десе қаны қызбайтын қазақ бар ма?! Делебесі қозған көпшілік тұс-тұстан қиқулап, кілемдегі ұлдарын қолдап бақты.
Боз кілемде тер төккен балуандардың арасынан топ жарып шыққан жерлестеріміз 38 келі салмақтағы Д.Рүстемов 2 орынды жеңіп алса, 42 келі салмақтағы жүлделі 2 орынды Н.Тоқбаев қанжығасына байлады. Ал, 51 келі салмақта өз өнерін паш еткен М.Шералиев 1 орынды жеңіп алды.
Барлық жеңімпаздар диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды. Байрақты бәсекеде бағы асқан балуандарға жеңісті күндеріңіз бен сәттеріңіз сарқылмағай демекпіз.

Д.ӘБІЛАСАН.
20 желтоқсан 2017 ж. 1 114 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930