БАЛАБИДЕГІ БӘСЕКЕ
Бұл турнир биыл тоғызыншы рет өтіп отыр. Осыны тілге тиек еткен аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов спортшыларға сәттілік тілеп, ұлылардың ұлағатты сөздеріне арқа сүйеп, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді. Сонымен қатар, қазақ күресінің жанашыры, турнирдің демеушісі Пернебай Күзембаев пен ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұзақ Оразовтар да жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді.
Айта кетуіміз керек ауыл жастарына салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спорт түріне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізілетін дәстүрлі турнирдің жүзеге асуына ауылдың 1971 жылы туылған азаматтары да бірауыздан атсалысып, ауызбіршіліктерін танытып, ұйымдастыру қабілеттерін көрсете біледі. Сонымен қатар, осы ауылдың төл тумасы, бүгінгі күні құрылыс компаниясының басшысы қызметін атқаратын Ерлан Омаров та қалыс қалмай, 100 мың теңгені қиналмастан қалтасынан шығарды. Алтынбай Күзенбаевтың да туған-туыстары қолдаудан қалыс қалып жатқан жоқ.
Бірінен-бірі асып түсетін балуандар боз кілемнің үстінде күш сынасты. Білегі күштілермен қатар, қазақ күресінің әдіс-тәсілін жетік меңгергендер бойдың ұзындығы мен қысқалығына қарамастан қарсыластарының иықтарын жерге тигізіп жатты.
Ауыл мектебінің спорт залында қазақ күресі болып жатқанда ауылдың үлкен жолында желден жылдам желаяқтар жүгіруден бақ сынасты. Сонымен қатар, жұртшылық шахмат ойынынан өткізілген бәсекені де тамашалады.
Дүбірлі додада жеңіске жеткендер алғыс хаттар мен және сый-сияпаттармен марапатталды. Ауыл мешітінде ас беріліп, әруақтарға құраннан дұға бағышталды. Ауылдың ахуалын ойлап, игі істердің басы-қасынан табылатын осындай азаматтары аман болса, бұл ауылдың келешегі айқын, болашағы жарқын болатынына сенімдіміз.
Ерұлан Балтабайұлы