«ВАНДАЛИЗМГЕ ЖОЛ ЖОҚ!» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Шиелі ауданында «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері мен партия мүшелерінің қатысуымен Сауысқандық шатқалындағы таулы аумақта санитарлық тазалау және вандализмнің алдын алу жұмыстары ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі мақсаты қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғи нысандарды қорғау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастарды туған жердің табиғатына жанашырлықпен қарауға шақыру.
Тазалық жұмыстары барысында қатысушылар шатқал аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, табиғи ортаның көркін сақтауға бағытталған жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, «Вандализмге жол жоқ!» акциясы аясында тарихи-мәдени және табиғи орындарға ұқыпты қараудың маңыздылығы түсіндіріліп, қоғамдық орындарды бүлдірмеу, қоршаған ортаға зиян келтірмеу және табиғи мұраны келер ұрпаққа аманат ету қажеттігі атап өтілді.

Мұндай игі бастамалар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген белсенділігін нығайтуға ықпал етеді. Табиғатты таза ұстау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан туған жердің табиғатын қорғау, тазалықты сақтау және вандализмге жол бермеу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.






