ТАЗА БЕЙСЕНБІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Қызылорда облысында «AMANAT» партиясының Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті.

Акция барысында «Оқшы ата» кесенесі және тарихи-мәдени мұра нысандарында, киелі орындар мен қорымдарда кең көлемде тазалық жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылды.
Ауқымды тазалық шарасына 200 жүзге жуық тұрғын қатысып, ортақ іске белсене атсалысты. Акцияға фракция мүшелері, партияның аудандық филиалының қызметкерлері, мемлекеттік мекеме мамандары, ардагерлер, еріктілер және жастар жұмыла кірісіп, туған жердің тазалығымен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар, шара барысында 1000 аса ағаш көшеттері отырғызылып, «Оқшы ата» кесенесінің айналасынан 1 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Осындай мазмұнды бастамалар арқылы қоғамда тазалық мәдениеті қалыптасып, туған жерге деген жанашырлық арта түседі.
Аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, «Көкшоқы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұргүл Шәлекеева: «Партияның «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы кең көлемде ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – аудан аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің көркін арттыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Бұл өз кезегінде аудан тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да аудан көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған санитарлық-тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табатын болады» - дейді.
«AMANAT» партиясы экологиялық жауапкершілікті арттыру, өскелең ұрпаққа табиғатты аялау мәдениетін сіңіру және азаматтық белсенділікті күшейту мақсатында «Таза бейсенбі» акциясын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.