Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ТАЗА БЕЙСЕНБІ»: ҰОС АРДАГЕРІ АТЫНДАҒЫ КӨШЕГЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ»: ҰОС АРДАГЕРІ АТЫНДАҒЫ КӨШЕГЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ


Қызылордада «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Имантай Алдабергенов көшесінің бойына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Мақсат: Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында кейінгі ұрпаққа майдангер есімін ұлықтап, оның ерлігіне құрмет көрсету дейді ұйымдастырушылар.

«Таза бейсенбі» акциясының ауқымы кең. Акция аясында әр апта сайын түрлі іс-шаралар жүзеге асып жатыр. Бүгін біз партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде ұрпаққа үлгі болсын деген ниетпен Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесі аясында майдангер атамыз Имантай Алдабергенов атындағы көшеге тазалық жұмыстарын жүргіздік. Яғни, көзі жоқ болса да оның құрметіне берілген көшені абаттандырып, тазалап, ерлігі үшін ризашылығымызды білдіргіміз келді. Майдангерлерге қандай құрмет көрсетсек те артық емес»,- дейді Шиелі аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова.

Игілікті шараға аудандық мәслихат депутаттары, аудандық филиалдың қызметкерлері, «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы мен «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері, сондай-ақ мектеп қызметкерлері және БАҚ өкілдері белсене қатысты.

Акция барысында көше бойы қоқыстан тазартылып, гүлдер егілді, тротуарлар әктелді.
08 мамыр 2025 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9300)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (9299)

30 сәуір 2025 ж.

№31 (9298)

29 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031