Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІ АУДАНЫНДА «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында партия қолға алған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы бүгін аманаттықтармен Шиелі ауданында ұйымдастырылды. Акция шеңберінде Керделі ауылдық округі, Н. Бекежанов ауылында орналасқан Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейінің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді.  Тазалық акциясына аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, Жастар рухының еріктілері мен филиал қызметкерлері қатысты. «Тазалық - баршаға ортақ іс. Туған өлкеміздің тазалығы өзімізге тығыз байланысты. Осыған орай акция басталған уақытта бері ауданымызда ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Алайда апта сайын жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, артынша қоқыстар пайда болып жатады. Біз осындай акциялар арқылы тазалық жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, тұрғындарды экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да шақырамыз»,- деді партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акцияға 30 дан астам адам қатысып, ағаш түптері әктелді, аула қоқыстан тазартылды.

13 ақпан 2025 ж. 372 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 104

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031