Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Таза Қазақстан – таза аймақ» акциясы аясында ботаникалық баққа тазалық жүргізілді

«Таза Қазақстан – таза аймақ» акциясы аясында ботаникалық баққа тазалық жүргізілді

 Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері мен оқытушылары Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бастау алған «Таза Қазақстан – таза аймақ» облыстық акциясына университеттің Ботаникалық бағында ағаш көшеттерін отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Акция барысында университеттің 100-ден астам студенттері мен аға буын оқытушылары 500-ге жуық ағаш көшеттерін отырғызып, қаланың жасыл желекке айналуына атсалысты.

Аймақтың ең үлкен іргелі оқу орны Қорқыт ата университетінің Ботаникалық бағы қалаға көрік беретін жасыл желек ғана емес, студенттердің тәжірибелік сабақтарының базасы болып табылады.

Аталған оқу орнының студенттері жыл сайын дәстүрлі түрде көктемгі көгалдандыру жұмыстары мен ағаш көшеттерін отырғызуға белсенді қатысып келеді.

Жуырда республика аумағында бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына орай аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың үндеуіне бір ауыздан қолдау білдірген университет студенттері көтеріңкі көңіл-күймен белсенділік танытты.
09 сәуір 2024 ж. 221 0