Экологиялық акциядан Шиелі де шет қалмады
Демалыс күндері елімізде «Бірге: Таза Қазақстан» республикалық акциясы бастау алды. Аталған шара ағаш отырғызу мен көпшілік демалатын орындарды тазартуға бағытталып отыр. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы қыркүйектегі жолдауын сәйкес, қоғамдағы экологиялық құндылықтарды нығайтуға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған акция биыл ерекше қарқын алған.
Бұл істен Шиелі де шет қалмақ емес. Сондықтан экологиялық акцияға 30-дан астам табиғат жанашыры ат салысты. Оған қатысқандардың басым көпшілігі мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды. «Басты мақсат – тұрғындарды тазалыққа шақыру. Себебі, жағажай жағасында демалатын азаматтардың басым бөлігі айналасын шашып, қоқысқа толтырып кетеді. Біз акцияның көмегімен тұрғындардың жауапкершілігін арттырып, тазалыққа шақырмақпыз», деді сенбілікке қатысушылардың бірі. Тазалық науқанында негізінен ауданаралық аурухана маңындағы күл-қоқыстар мен ауылдық округтегі тұрмыстық қалдықтар тазартылды.

Рамазан Бектұрғанұлы