Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық акциясы жалғасуда

Тазалық акциясы жалғасуда

Биыл республикада «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Оны ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған еді. Қазіргі таңда эко-челленджге еліміздің барлық аймағы атсалысып, табиғаттың тазалығына өз үлесін қосуда. Бұл орайда Шиелі ауданы Көкшоқы елді мекенінің тұрғындары да бей жай қалмады.
Тамыз айының 28 жұлдызында аталған елді мекенде жаппай тазалық жұмысы жүргізілді. Оған « РУ-6», «Зерде» , «ШЭС», «KAP –Technology», «Волковгеология»-цех №3 «Геотехносервис», «Волковгеология» ГРЭ-23, «Құтқарушы Тау-кен», «ТТК-Шиелі»,,«СтЭМП-Б.С.», «Қорған-Қазатомпром Шиелі» мекемелері білек сыбана кірісті. Акцияға әр мекемеден алпыс­тан аса адам қатысты. Олардың қатарында «РУ-6» мекемесінің директоры Бегалы Қосмұратов та болып, көпшілікті тазалықты сақтауға шақырды.
– Акцияның ең бірінші мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауды насихаттау. Өйткені, өз көзіммен көремін, үлкені де, кішісі де қоқыс тастауға қымсынбайды. Әсіресе, жас жеткіншектер отырған жерінде қалдық қалдыруға құмар. Сусындардың құтысы мен пістенің сырты шашылып қала береді. Ал олардың ойынша мұны міндетті түрде тазалықшылар тазалау керек. Міне, осындай акция арқылы біз барлығына тазалықты сақтау ортақ екенін ұғындырсақ дейміз. Әрине, барлығы бірден бола қоймайды. Дегенмен бірте-бірте тазалықты сақтауды да үйренеміз деген ойдамын, – деді мекеме басшысы өз сөзінде.
Айта кеткен жөн, тазалық кезінде Көкшоқы елді мекені 50 тоннаға жуық қоқыстан тазартылды.


«Өскен өңір» ақпарат

30 тамыз 2019 ж. 2 596 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930