Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғат таза болсын

Табиғат таза болсын

Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен облыстық балық шаруашылығы су айдындарында «Аулардан таза су айдындары» акциясын өткізу қолға алынған болатын. Осы бастама негізінде Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі тамыз айының 17-сі күні ауданның Ортақшыл ауылдық округіндегі «Қараой» су айдыны мен Бәйгеқұм ауылдық округіндегі «Ханқожа» су айдындарының жағалауына тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталған шараға Қызылорда облыстық орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы және ішкі сая­сат бөлімінің мамандары, сондай-ақ орман, шаруа қожалық қызметкерлері қатысты. Жалпы 43 адам төбе көрсеткен шарада су жағалары қоқыстан тазартылып, 80 кг тұрмыстық қалдық жиналды.

«Өскен өңір» ақпарат
20 тамыз 2019 ж. 1 759 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031