Жағалауға жан кірді
Жыл сайын мамыр айында су жағалауларының аумақтарын жинау мен балық шаруашылығы су аймақтарын тазалау мақсатында «Таза су айдындары» атты табиғатты қорғау акциясы өткізіледі.
Акция жылда осы мезгілде Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары М.Нармағамбетов, топ жетекшілері Е.Кушкинбаев, А.Жолақанов, С.Алдоңғаров, сондай-ақ, аудандық аталмыш мекемесімен бірлесіп Шиелі, Жаңақорған ауданының аумағында орналасқан барлық балық шаруашылығы су айдындарының жағалауларын қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Ауданда бір айлық «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясының нәтижесінде, тазалау жұмыстарына отызға жуық адам қатысып, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінен он бес студент атсалысты. Сондай-ақ, жүк көлігімен әртүрлі қоқыстарды тасып, суда қалған қалдықтарды тазартты.
Бұл шара облыс көлемінде айдың соңына дейін жалғасын тапқандықтан, аудандық Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің орынбасары Д.Өтеуов пен аталмыш мекеменің балық маманы Б.Байділдаев, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарымен іс-шараны жоспарға сәйкес орындап, табиғат пайдаланушыларын үгіт-насихаттар жүргізіп, айдындарды ластамау туралы ақпараттар таратты. Сонымен қатар, табиғатты таза ұстап, оны қорғауға шақырды.
Жұлдызай
Ноғайбайқызы.