Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарақұйрық атқан браконьерлер ұсталды

Қарақұйрық атқан браконьерлер ұсталды


Қызылорда облысы аумағында қарақұйрық атқан браконьерлер ұсталды. Бұл жайында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.                                                                                                                2018 жылғы 14 сәуірде таңғы сағат 04:00 шамасында Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының инспекторлары «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалының инспекторларымен бірлескен рейдтік шара барасында Қызылорда облысы Шиелі ауданының аймағында «УАЗ» маркалы автокөлік мінген браконьерлерді ұстады», - деп жазды ол.                                                                       Оның жазуынша, автокөлікті тексеру барысында 1 қарақұйрықтың тушасы, құжаты жоқ 2 патроны бар 16 калибрлі аңшы мылтығы және 38 патронымен оптикалық дәлдігі бар «Веппер» мылтығы табылған.                                                                                         «Оқиға болған жерге Шиелі АІІБ-нің жедел тобы шақырылды. Аталған факт 2018 жылғы 14 сәуірде СДТБТ-де тіркеліп, ҚР ҚК 337 бабының 4 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды», - деді Сәкен Ділдахмет.
16 сәуір 2018 ж. 2 028 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031