Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда бой тасалаған қызылордалық ұсталды

Алматыда бой тасалаған қызылордалық ұсталды

9 сәуірде Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысы аумағында құқық қорғау қызметінен бой тасалап жүрген Серікбаев Әділет есімді облыс тұрғынын анықтап, ұстады.
Полицияның жедел ақпаратына сәйкес, ол ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған және қылмыстық әлемде «Әдөн» есімді лақап атымен танымал болған. Аталған азамат құрықталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Жасаған бұзақылық қылмысы үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) 4 жылға бас бостандығынан айыру жайлы Қызылорда облысы сотының үкімінен кейін қашып кеткен 25-жастағы тұлға өткен жылдың қараша айынан бастап іздеуде болған. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бірнеше қылмыстары үшін  сотты болған.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
12 сәуір 2018 ж. 1 516 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031