Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 10 киікті атып алған броконьерлер ұсталды

10 киікті атып алған броконьерлер ұсталды

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында 10 киікті заңсыз атып алған броконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлім етті.
«2018 жылғы 31 қаңтарда сағат 19:20 шамасында РМҚК «Охотзоопром» ӨБ» Орталық өңірлік филиалының инспекторлары мен Жезқазған ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі табиғат қорғау бөлімінің қызметкерлері бірлескен қорғау жұмыстары барысында Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты аумақта «Toyota-100» маркалы мемлекетік нөмірі 115 AYA 11 автокөлікте Қызылорда қаласының үш азаматын ұстады. Автокөлікті тексеру барысында 10 киіктің тушасы (2 аталығы мен 8 бас аналығы) табылды. Оқиға болған жерге Сырдария АІІ-нің жедел тергеу тобы шақырылды», - дейді ол.
белгілі болғандай, алдын ала келтірілген шығынның сомасы 9 139 000 теңгені құраған.
01 ақпан 2018 ж. 1 454 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9328)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031