Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында волейболдан дәстүрлі турнир өтті.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында волейболдан дәстүрлі турнир өтті.


Қызылорда қаласындағы спорт кешенінде өңірдегі құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында 1 наурыз - Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне  орай және қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған полковник Қазбек Төремановты еске алуға арналған волейболдан дәстүрлі турнир өтті.
Аталған жарысқа 8 команда қатысты. Тартысты өткен сайыста төтенше жағдайлар департаменті, облыстық прокуратура, Ішкі істер департаменті, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Желілік ішкі істер бөлімі, Шекара қызметінің 2019 әскери бөлімі, Абылай хан атындағы колледж, ішкі істер органдарының ардагерлері қызметкерлерінен құралған командалар бақ сынасты.
Жарыс бар жерде жеңімпаз бар. Сегіз команданың ішінде дара шыққан Ішкі істер департаментінің командасы жүлделі бірінші орынды еншіледі. Екінші орынды Төтенше жағдайлар депратментінің командасы қанжығысына байласа, келесі орынға ішкі істер органдарының ардагерлері командасы тұрақтады.
Жарыс қорытындысы бойынша командааралық және жекелей танылған жарыс жеңімпаздарына арнайы жүлделер табысталып, марапатталды.
27 ақпан 2018 ж. 1 496 0