Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗМЕТТІК ЭТИКАНЫ САҚТАУ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ

ҚЫЗМЕТТІК ЭТИКАНЫ САҚТАУ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде Ішкі істер органдарының қызметі мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Қоғамов алдымен жиналғандарды кеңес отырысы бойынша шығарылған ұсынымдардың орындалуы барысымен таныстырып өтті. Бұдан соң қоғамдық кеңес мүшелері баяндама жасады.
– 2017 жылы қоғамдық кеңеске 39 өтініш-арыз келіп түсті. Осының ішінде екі факті полиция қызметкерлерінің өзін-өзі ұстау ережелерін бұзуға байланысты қаралды. Қалған 37 арыз азаматтардың сотқа дейінгі тергеу ісіне қатысты шағымдары. Арыздарды тексеру нәтижесінде 3 полиция қызметкері тәртіптік жазаға тартылды. Сондай-ақ жыл бойы өткен қоғамдық кеңестің отырыстарында ішкі істер органдары қызметінің өзекті мәселелері талқыланып, елдегі криминалдық ахуалға қатысты министрдің есебі тындалды. Бейне-конференц байланыс арқылы өткізілген басқосуларда нашақорлықтың алдын алу, полиция мен азаматтардың өзара сенімге негізделген әрекеттері және митингтер ұйымдастыру мәселелері талқыдағы тақырып ретінде жан-жақты сараланды. Сонымен бірге өткен жылы 176 нормативті-құқықтық акт қаралды, – деп мәлімдеді өз кезегінде қоғамдық кеңес хатшысы, полиция полковнигі Серік Сүйінбаев.
Өткен жылы қоғамдық кеңес мүшелері мониторинг жүргізу жұмыстарына белсенді қатысып, жергілікті ішкі істер органдарының қызметімен жете танысып шыққан болатын. Павлодар облысындағы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеушілермен сөйлескен кезде оларды көбінесе сот шешіміне қатысты сұрақтар мазалайтынын анықтады. Айта кетер жай, қоғамдық кеңестің ішкі істер органдары қызметіне жүргізетін мониторингтері 2016 жылмен салыстырғанда екі есеге өсті. Кеңес осы жылы да өңірлерде мониторингті жиі жүргізуді жоспарлап отыр.
ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қуат Оспанов өз баяндамасында департаментке келіп түскен арыз-шағымдардың дені тәртіп сақшыларының қызметтік этиканы сақтау мәселесіне қатысты екеніне тоқталды. Сондай-ақ арыз-шағымдарды тексеру барысында туындайтын кедергілерді де сөз етті.
Жиын соңында Ішкі істер министрлігінің қызмет басшылары полиция жұмысына қатысты мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
 Қайыржан ТӨРЕЖАН
04 ақпан 2018 ж. 1 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031