Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » жол үстінде қауіп бар

жол үстінде қауіп бар

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын жол оқиғалары миллиондаған адамдардың өмірін жалмап, мүгедек етеді екен.
Дүниежүзінде жыл сайын жолда 1,2 млн.-нан астам адам қаза болса, 20-50 млн.адам жарақаттанады. Ал, Қазақстанда жыл сайын 2500 адам қаза болып, 26 мыңы түрлі жарақат алады екен. Бұл – орасан цифр. Салыстыру үшін, егер Ауғанстанда 10 жыл соғыста кеңес әскерлері 13 мың солдат жоғалтса, еліміздің жолдарында соңғы 10 жылда ЖКО-да 26 мың адам қаза болатын көрінеді.
Ауданымызда да дәл осы жағдай. Тұрғындар саны мен көліктің көптігінің әсерінен өткен жылмен салыстырғанда жол көлік оқиғалары мен адам өлімі, жарақат алу көрсеткіштері өсіпті. Өткен жылы 29 жол көлік оқиғасы орын алып, 43 адам әртүрлі жарақат алып, 11 адам қайтыс болса, биыл 41 жол оқиғасы орын алып, 48 кісі жарақаттанып, 12 адам жан тапсырған.
Осы оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан шаралар мен аталмыш дүниежүзілік акция барысында іске асып жатқан іс-шараларды тілге тиек еткен АІІБ-нің қызметкерлері тұрғындарды сақтыққа шақырды. Жол апаттары көбіне жылдамдықты асырғаннан және масаң күйде көліктің тізгінін ұстағаннан болатындығын ескертті. Сондықтан, бұл тек ішкі істер қызметкерлері ғана емес ел болып, ауызбіршілігімізді танытып іске асыратын жұмыс», – деді олар.

«Өскен өңір» ақпарат.
21 қараша 2017 ж. 1 453 0

Соңғы жаңалықтар

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

08 желтоқсан 2023 ж.
Экономикада өсім бар

Экономикада өсім бар

08 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9158)

09 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам