Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық кеңестің келелі істері

Қоғамдық кеңестің келелі істері

Өткен аптада облыстық ішкі сая­­сат басқармасының «Әлеумет» мемлекеттік тапсырысы аясында «Қазақылықтың атамекені» қоғамдық қорының ҮЕҰ жобаларын қаржыландыруы бойынша «Ана сезімі» қоғамдық қорының төрайымы Алма Тайлақбаеваның ұйымдастыруымен «Шиелі ауданындағы волонтерлік қызметтің дамуы» жөніндегі іс-шаралардың қорытындысына байланысты қоғамдық тыңдау өткізілді.
Қоғамдық тыңдауда аудандағы волонтерлық қозғалыстың әрі қарай дамуына жергілікті қауымдастық біріге отырып жұмыс жасауын жос­парлады. Қиын жағдайға душар болып қалған азаматтарымызға қайырымдылықпен қарап, қандай өзекті мәселелері бар екендігін анықтау және оның жолдарын табуына уақытылы көмек көрсететін волонтерлар қатары көбейсе деген ұсыныстар да айтылды. Сонымен қатар, қордың ұжымы мүмкіндігі шектеулі жандар тәрбиеленіп отырған орталыққа барып, жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ, «Сенімді қарым-қатынас қалыптастыру және тиімді мінез-құлықтарының нысандарына оқыту» тақырыбында оқыту тренингі өткізілді. Онда ата-аналарды және волонтерларды оқыту, мүм­кіндігі шектеулі балалардың тәрбиесіне байланысты жасалатын жұмыстарды талқылау, өмір сүру жағдайы әлеуметтік дағдарысқа душар болған отбасының жасөспірім жастары мен ата-аналарының белсенділігін арттыру, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау бағытындағы түрлі шаралар талқыланды.
Маржан СӘДУАҚАСОВА,
штаттан тыс тілші.
04 қаңтар 2018 ж. 1 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031