Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Біз жұлдыз болып жанамыз

Біз жұлдыз болып жанамыз

Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде, «Үміт» мүгедектер қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Біз жұлдыз болып жанамыз» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі жастар арасында ІІІ өнер фестивалі өткізілді.
Оған аудандық ішкі саясат бөлімі, «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы», аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Үміт» мүгедектер қоғамдық қоры мамандары қатысты. Байқауда кент және елді мекендерден келген мүмкіндігі шектеулі азаматтар өнер көрсетті.
Жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын тау­ып келе жатқан «Біз жұлдыз болып жанамыз» тақырыбындағы өнер фестиваліне қатысушылары қолөнер бұйымдарымен қатар өз бойларындағы таланттарын көрсетеді. Аталмыш жоба бойларында таланты, өнері бар ерекше балаларға қолдау көрсетіп, оларды үлкен сахнаға баулу, жігерлілік пен табандылық қасиеттерін қалыптастыруды мақсат тұтқан. Ерекше балаларымыздың өнерін тамашалаған көрермендер де олардың бойындағы толқыныстары мен қуаныштарын көріп, өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп, қолдау көрсетіп өнерлі балаларды демеп отыр­ды.
Бас жүлде Сабыржан Қозайдаровқа, І орын – Ақерке Әбибуллаға, ІІ орын – Нұрасыл Қошқаровқа, ІІІ орын – Айгүл Досболоваға бұйырды. Өзге де үздік қатысушылар «Көрермендер көзайымы», «Өнерлі жан», «Жігер» номинацияларымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Өскен өңір» ақпарат.
12 желтоқсан 2017 ж. 1 638 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031