Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрметті Шиелі ауданынан шыққан түлектер, кәсіпкерлер және жерлестер!

Құрметті Шиелі ауданынан шыққан түлектер, кәсіпкерлер және жерлестер!


Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында туған жерді көркейту бағытындағы мақсатты жұмыстар мен әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған «Туған жерге тағзым» атты акциясы бастау алды.
Туған жер – әр адамның түп­қазығы. Рухының бесігі. Ауыл – тамыры тереңге жайылған қазақы дәстүріміздің қаймағы бұзылмаған ордасы. Туған жерден түлеп ұшқан әр азамат қай жерде, қандай қызметте жүрсе де әркез кіндік қаны тамған жері – өз атамекенін әсте естен шығармай, мәңгілік қарыздармын деп есептейтіні сөзсіз. Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу қазақ халқының әлімсақтан жалғасқан салты. Ол – ұлттық санамыздағы аса қастерлі ұғым.
Ендеше, «Туған елге тағзым ету парызым, туған жерге қызмет ету қарызым» дейтін жомарт жандар үшін игі бастама болғалы тұр. «Туған жер – тұғырың» дейді тағы халық даналығы. Туған жерге деген ыстық лебізімізді құр сөзбен емес, іспен дәлелдейтін кез келіп жетті.
Туған жерді көркейтуге, абат­тан­дыруға, гүлдендіруге қоғамдағы өзекті мәселелердің шешілуіне (білім беру саласын дамыту, ғылым, спорт, денсаулық сақтау, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, туған ауылын көркейту, мектеп, көше, т.б) патриоттық құлшыныспен үлес қосуға шақырамыз! Қандай да бір жоба аудан басшылығы тарапынан қолдау табатындығын білдіреміз.
Жобаға қолдау білдіремін дейтін азаматтар, Шиелі өңірінің табысты салада еңбек етіп жүрген түлектері қайырымдылық және демеушілік қолдау көрсетушілер төмендегі телефон арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.
Шиелі аудан әкімінің орынбасары Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы 8(72432)4-44-78, 8(778)328 23 27.
Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбдіқадыров Бағдат Нажмедденұлы 8(72432)4-45-24, 8 (775)125 30 25.
Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі­нің бас маманы Шәкіртаев Балдәурен Тұрсынбайұлы 8(72432)4-18-41, 8(775)630 57 39.
Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің электронды поштасы ovp_shieli@mail.ru
21 қараша 2017 ж. 2 030 0