Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Мұхимовтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Отырыс барысында 6 мәселе қаралды. Алғашқы екі мәселеде Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А.Есмахановтың және Шиелі ауданы Жуантөбе аудандық округінің әкімі Ә.Бегайдаровтың тәртіптік істері қаралды.Өз кезегінде, А.Есмахановтың іс-әрекетінде заң бұзушылық байқалмағандықтан, Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен қозғалған тәртіптік істі тоқтату туралы шешім қабылданды.
Ал, балабақша меңгерушісінің жұмыстан шығуына қысым көрсеткені үшін Кеңес мүшелері Жуантөбе аудандық округінің әкімі Ә.Бегайдаровқа «сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолдануды ұсынды.
Келесі мәселемен облыстық денсаулық сақтау басқармасының конкурстық комиссия мүшелері Ж.Абдусаметовтың, Б.Кеншимбаеваның, Б.Бурамбаеваның, М.Достанованың тәртіптік істері қаралды.
Бұл орайда, комиссия мүшелері конкурс өткізу талаптарын сақтамай, заң бұзушылықтарға жол бергені үшін Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен конкурстық комиссия мүшелеріне «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолдануды ұсынылды.
15 қаңтар 2018 ж. 1 783 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031