КИНОЛОГТАРДЫ ОҚЫТУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ
Ішкі істер министрлігі Кинология орталығының базасында америкалық нұсқаушылардың қатысуымен кинологтардың жұмыс қағидатымен танысу бойынша оқу курстары басталды.Оқу курстары кинологиялық бөліністерге қызметке орналасқан жас қызметкерлерді қызметтік-іздестіру иттерімен есірткілерді іздеуге даярлық әдістері бойынша дағдылар ұсыну мақсатында оларды дайындауға бағытталған.
Оқу курсы ашылуында халықаралық есірткіге қарсы күрес жаттықтырушысы Кристофер Кент осы іс-шара АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Әскери ынтымақтастық бөлімі басшылығымен ресми кездесулер барысында ұйымдастырылғанын, АҚШ Қорғаныс министрлігінің Есірткіге қарсы күрес бағдарламасы шеңберіндеұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілгені туралы атап өтті.
Курс аяқталғаннан кейін кинологиялық бөлініс қызметкерлеріне біліктілік арттыру курстарын аяқтағаны туралы сертификат беріледі.
Қазақстан Республикасының ІІМ Кинологиялық орталығы
2002 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары үшін кинолог-мамандардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және қызметкерлер мен қызметтік иттерді дайындау бойынша жұмыс бастаған.Орталық құрылғаннан бастап 1040 кинолог-маман даярланды.Ішкі істер органдарының кинологиялық қызмет бөліністерін жоғары жұмыс қасиеттері бар, арнайы курс бойынша жаттықтыру және одан әрі ішкі істер органдарында пайдалану үшін дайындалған асыл тұқымды иттермен қамтамасыз ету мақсатында асыл тұқымды иттер питомнигі 2017 жылы Ішкі істер департаменттерінің кинологиялық бөліністеріне 2016-2017 жылы питомникте алынған 36 қызметтік ит берді.
Қайыржан ТӨРЕЖАН