Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » қылмысты құрықтау – ортақ іс

қылмысты құрықтау – ортақ іс


Өткен аптада аудан әкімі Әшім Ораз­бекұлының төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Онда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның орындалу барысы қаралды. Басқосуға аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, барлық дербес бөлім басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ, мектеп директорлары қатысты.
Жиын аясында жемқорлық фак­тілері анықталған кент әкімдігі мен құрылыс бөлімі басшыларының баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, аудандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан шаралар мен алдағы жоспарлар жайында аудан әкімдігінің аппарат басшысы Ғ.Күлбаев баяндады.
Аудан әкімі отырыс қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөнінде кезекті жоспар әзірлеуді тапсырды.
Аудан әкімдігіндегі келесі жиын құқық бұзушылық профилактикасы жө­ніндегі ведомоствоаралық қоры­тынды комиссия отырысы болды. Онда есірткіге қарсы күресте мүдделі органдардың атқарып жатқан шараларының тиімділігі және «Көкнәр-2017» республикалық жедел профилактикалық шараларының орындалуы, сондай-ақ, жыл басынан бері аудан көлемінде құқық бұзушылық пен қылмыстық жағдай және оның алдын алу мәселелері басты назарға алынды.
Аталған мәселелер бойынша аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Серік Тоқтыбаев пен жергілікті полиция қызметінің басшысы Досбол Төлеуов хабарлама жасады.
Білгеніміздей, жыл басынан бері ауданда 397 қылмыс орын алған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмен болғанымен, кейбір құқық бұзушылықтардың саны өршіп отыр. Мәселен, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, зорлау, тонау, жол көлік оқиғалары мен мал ұрлығы ауданда ең көп орын алатын қылмыстар қатарында. Дегенмен, біршама алдын алу жұмыстарының нәтижесінде бөтен мүлік, пәтер ұрлықтары секілді қылмыстың бірнеше түрі өткен жылға қарағанда азайған.
Әйтсе де бұған тоқмейілсуге болмайды. Себебі, С.Тоқтыбаевтың баяндамасына сүйенсек, жыл басынан бері тек есірткіге қатысты 37 қылмыс орын алған.
– «Көкнәр-2017» жедел профи­лак­тикалық шараларының аясында 16 қылмыс анықталды. Сегіз адам құрықталып, 27 тоннадан астам сора өсімдігі жойылды. Айта кету керек, Ботабай ауылының әкімі учаскелік полиция қызметкерлерімен бірігіп өзі басшылық жасайтын аумақтан есірткімен айналысатын адамдарды анықтады. Бұл облыс көлемінде орын алған жалғыз оқиға. Осы секілді өзге ауыл әкімдерін де бірігіп, нәтижелі жұмыс жасауға шақырамыз, – деді, ішкі істер бөлімінің басшысы.
Есірткі қылмысының 3-еуі тұрғын үй аумағынан, қалған 13-і далалық жерлерден анықталған. Бөлім басшысы өз кезегінде аудан әкіміне аталмыш қылмыстың алдын алу мақсатында үрлемелі қайық алу жөнінде ұсынысын жеткізді. Сонымен қатар, өзге де құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында кент көшелеріне сапалы бейнекамералар орнату, мемлекеттік көліктерді орынсыз пайдаланбау секілді мәселелер де айтылды. Аудан басшысы аталған ұсыныстардың өз кезегінде жүзеге асатынын жеткізді.

«Өскен өңір» ақпарат.
31 желтоқсан 2017 ж. 1 474 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031