Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке меншік кәсіпорындарының басшыларымен кездесті

Жеке меншік кәсіпорындарының басшыларымен кездесті


Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту мақсатында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандарымен бірлесіп облыстың жеке меншік кәсіпорындарының басшыларымен кездесу ұйымдастырды.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және профилактика қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Руслан Қайрақбаев «Мемлекеттік өртке қарсы бақылау, азаматтық қорғаныс және уәкілетті орган ұсынатын басқа да мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру тәртібі» тақырыбына баяндама жасады.
Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі саласындағы қолданыстағы талаптардың нормалары талқыланды, азаматтық қорғаныс, жалпылай алғанда облыстағы өрт оқиғалары ахуалы туралы сұрақтар және, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістер қаралды.
Қорытындысында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық департамент өкілі азаматтық қорғау қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын болдырмау және азаматтық қорғау органдарының бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізген туралы мәселені көтерді.
01 ақпан 2018 ж. 1 367 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930