Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС» ҚАРАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС» ҚАРАЛДЫ


Шымкент қаласының Абай аудандық сотына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес айыпталған сотталушы А есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс электронды нысанда келіп түсті.

Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы азамат 2017 жылғы 20 желтоқсанда сағат 16.00 шамасында бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында жәбірленушінің үйіне кіріп, құны 30 000 теңге тұратын жылытқышты ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Басты сот талқылауы барысында тараптар татуласты.
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіның мәліметінше, сот жәбірленушімен татуласып, залалдың орнын толтыруына байланысты азаматты қылмыстық жауаптылықтан босатты. Қылмыстық іс жүргізу тоқтатылды.
Қылмыстық істі электронды нысанда жүргізу тергеу мерзімін қысқартып, материалдарды бұрмалау ықтималдығын азайтып, іс құжаттарына онлайн режимде қол жеткізу мүмкіндігін арттырып, дәлелдемелерді жинау және процестік құжаттарды дайындау рәсімін жеңілдетеді.
Еске сала кетейік, 2017 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне қылмыстық сот ісін қағаз және электронды түрде жүргізуге мүмкіндік беретін «Қылмыстық сот ісін жүргізу форматы» атты 42-1-бап енгізілді.
baq.kz
10 қаңтар 2018 ж. 1 557 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930