Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы облысында әкесі өртеп жіберген қыз қайтыс болды

Алматы облысында әкесі өртеп жіберген қыз қайтыс болды


Аталған жайтты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Динара Лұқпанова растады.
«18 жастағы қыз бала бүгін таңертеңгі сағат жетілер шамасында қайтыс болды», деп мәлім етті ол.  Естеріңізге сала кетейік, бұл оқиға Алматы облысында 20 желтоқсан күні болды. Таңғы сағат төрт шамасында Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылында 45 жастағы азамат өзін және екі бірдей баласын өртеп жіберген. Алдын ала болжам бойынша, әйелімен ажырасып кеткен күйеуі бұрынғы отбасына келіп, үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген. Сол сәтте бөлме өртке оранып екі баласы да қызыл жалынның ортасында қалған. 1973 жылғы азамат 12 жастағы  ұлымен  оқиға орнында тілге келместен көз жұмған. Ал 1999 жылғы қыз бала ауыр халде аурухана жеткізілген. 1973 жылғы азаматтың мұндай қадамға не итермелегені белгісіз. Оның 1971 жылғы бұрынғы әйелі дін аман. Қазір ҚР ҚК 99 бабы 2-ші тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жалғасуда.
inform.kz
23 желтоқсан 2017 ж. 1 635 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031