Елiмiзде экономикалық құқық бұзушылық бойынша қылмыстық iстер 80 пайызға азайған
соңғы 2 жылда экономикалық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық iс саны 80 пайызға азайған. Бұл туралы Қазақстан кәсiпкерлерiнiң құқығын қорғау жөнiндегi уәкiл Болат Палымбетов «Атамекен» төралқасының кеңейтiлген отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын өз жолдауында бизнеске қысым жасалмауы керек деп айтады. Осы тапсырма белгiлi бiр нәтиже бердi. Мысалы, соңғы 2 жылда экономикалық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық iс саны 80 пайызға азайды. Кәсiпкерлер бизнесiнен, одан кейiн бас бостандығынан айырылып қаламын деп қорқады. Ел тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай Қазақстан президентi жариялаған рақымшылық нәтижесiнде 640-тан астам сотталған кәсiпкер бостандыққа шығып, экономикалық қызметiне оралды», - дедi Палымбетов.Оның айтуынша, 2015 жылдан берi бизнестi қорғау бағыты бойынша 16 мың 500 астам өтiнiш келiп түстi. Бұл проблемалардың 90 пайызы - жергiлiктi сипаттағы мәселелер. Сондықтан олар жергiлiктi деңгейде шешiлуi тиiс. Дегенмен, көшпелi форматта кәсiпкерлердi қабылдау тәжiрибесi одан әрi жалғаспақ.
Атап өтсек, бүгiн елордада ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен «Атамекен» ҰКП төралқасының кеңейтiлген отырысы өтiп жатыр.