Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ​Пробация үйі ашылды

​Пробация үйі ашылды



Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай ұйымдастырылған шаралар легінде Қызылорда қаласында пробация үйі ашылды.
Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Қ.Ысқақов пен облыс прокурорының орынбасары Т.Әлібаев Талғат қатысты.
Ғимарат Қызылорда облыстық әкімшілігі, облыстық прокуратура, облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі және облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті арасындағы меморандум аясында ашылып отыр. Онда пробациялық есепте тұрған азаматтарға «бір терезе» қағидасы бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, білім бөлімі, көші–қон полициясы, денсаулық сақтау мекемесі, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің заңгері және қажеттілігіне қарай басқа да мекемелер әлеуметті-құқықтық көмек көрсетеді.
Сонымен қатар пробациялық есепте тұрған азаматтар пробация үйінен өздеріне керек көмек түрлері бойынша еңбекке орналастыру,мамандық меңгеру, кәсіпкерлікті қолдау үшін несие алу, орта білім алу, құжаттандыру, медициналық көмек, құқықтық көмек және өзге де көмек түрлерін ала алады.
 
 
17 желтоқсан 2017 ж. 1 820 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031